Skip to content

19.12.2025 күні «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 9-сынып…

19.12.2025 күні
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында
9-сынып оқушылары арасында «Жұмысшы мамандықтар шеруі» ұйымдастырылды 👷‍♀️👨‍🍳👨‍🚒

🎯 Шараның мақсаты:
Оқушыларды жұмысшы мамандықтармен терең таныстыру, еңбек адамдарына деген құрметті арттыру, кәсіби бағдар беру және оқушылардың шығармашылық, таныстыру дағдыларын дамыту.

👥 Қатысушы сыныптар:
9 «А», 9 «Ә», 9 «В», 9 «Г», 9 «Д», 9 «Е»

Әр сынып өзіне бекітілген бір мамандық бойынша презентация дайындап, сол мамандыққа тән арнайы киім үлгілерін, құрал-жабдықтарын көрсетіп, өз жұмыстарын жоғары деңгейде қорғады.

⚖️ Қазылар алқасының шешімі бойынша:
🏆 Бас жүлде – 9 «Е»
🥇 I орын – 9 «Г»
🥈 II орын – 9 «В»
🥉 III орын – 9 «Ә»

🎖 Номинациялар:
✨ 9 «Д»
✨ 9 «А»

🎁 Сонымен қатар, Бас жүлдені иеленген 9 «Е» сыныбының жетекшісіне
шеруді ұйымдастырған кәсіптік бағдар беруші Азизова Динаның атынан
Туркия еліне 2 адамға жолдама табысталды.

👏 Барлық қатысушыларға, жетекшілерге және ұйымдастырушыларға үлкен алғыс!
Еңбекті қадірлеген жас ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі! 🌱✨

#ЕңбегіАдалЖасӨрен
#ЖұмысшыМамандықтар
#КәсіптікБағдар
#МамандықТаңдау
#9Сынып
МектепӨмірі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *