2025 жылғы 14 қараша күні мектебімізде 4-сыныптар арасында «Патриоттық әндер» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларға отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу, ұлттық рухты көтеру, қазақ елінің құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Іс-шараға барлық 4-сынып оқушылары белсенді қатысып, әр сынып өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Оқушылар Отан, туған жер, тәуелсіздік тақырыбындағы патриоттық әндерді мәнерлеп, көркем орындады. Әндер аспаппен және жанды дауыспен айтылды.
Байқау нәтижесінде:
🏅Бас жүлде- 4"Ғ" сынып оқушысы Қоянбек Зейін
🥇 I орын —4"В" сынып оқушысы Үсен Анифа
🥈 II орын — 4"Б" сынып оқушылары Доқтырғали Айсана, Нұрмұрат Сәруар
🥉 III орын — 4"Г" сынып оқушысы Абдулла Мейрамбек
Сонымен қатар, ерекше өнер көрсеткен оқушылар мен сыныптар «Көрермен көзайымы», «Жас патриот»номинацияларымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Кадирбаева Ильмира
Серикова Райхан
Нургазиева Фариза







