№20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толу қарсаңында, мектеп кітапханашылары мен қазақ тілі пәні мамандарының ұйымдастыруымен 6- сынып оқушыларына «Абайды оқы ,таңырқа !» тақырыбында әдеби – танымдық шара өткізілді.
Мақсаты: Абайды жан-жақты таныту және оқушыларды адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелей отырып, Абай шығармаларын насихаттау.
Шарада оқушылар Абай шығармаларын, өлеңдерін оқып әндерін тыңдады.
Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы.
#біртұтас_тәрбие#20мектепӘуезов#20тәрбие#маңғыстаубілімбасқармасы #ақтауқалалықбілімбөлімі


