Маңғыстау өнер колледжінен мамандар келіп , 9, 11-сынып оқушыларына мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, колледж өнерпаздары оқушыларға өнерлерін көрсетті.
Оқушыларға Маңғыстау өнер колледжінің ұсынылатын мамандықтар туралы және олардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, колледждің білім беру бағдарламалары, оқыту әдістері, мамандықтардың бөлімдері мен студенттік өмір туралы ақпарат берді.
Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың қызығушылықтарын ескере отырып, кәсіби маман ретінде кеңес берді.
Мақсаты: Оқушылардың болашақта қандай мамандықты таңдауға қызығушылығын ояту, олардың кәсіби қызығушылықтарына сәйкес мамандықтарды таңдауға көмектесу. Оқушыларды оқу мен білім алуға ынталандыру, оларды өз мақсаттарына жетуге шабыттандыру.