Мамандықтар әлемі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен мамандар келіп 11-сынып оқушыларына мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларға Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ұсынылатын мамандықтар туралы және олардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, университеттің Маңғыстау облысына бөлінетін гранттар туралы ақпараттар айтты. Білім беру бағдарламалары, оқыту әдістері, мамандықтардың бөлімдері мен студенттік өмір туралы ақпарат берді.
Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың қызығушылықтарын ескере отырып, кәсіби маман ретінде кеңес берді.
Мақсаты: Оқушылардың болашақта мамандықты таңдауға деген қызығушылығын ояту, мемлекеттік грант иегері атануға ықпал жасау және олардың кәсіби қызығушылықтарына сәйкес мамандықтарды таңдауға көмектесу. Оқушыларды оқу мен білім алуға ынталандыру, оларды өз мақсаттарына жетуге шабыттандыру.