Skip to content

Білімім – Отанымa

Бүгін, 23.05.2025 ж., мектебіміздің барлық сыныптарында «Білімім – Отанымa» атты сынып сағаты өтті.

Бұл тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың бойында отаншылдық рухты, білімге деген құштарлықты арттырып, елге адал қызмет етуге деген сенімді нығайту болды.

Сынып сағатында оқушылар өз армандарымен бөлісіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең, эссе, көркем сөз арқылы жеткізді. Ұстаздар тарапынан бағыт-бағдар беріліп, еліміздің болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ екендігі тағы бір мәрте атап өтілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *