2024-2025 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі
23 мамыр күні мектебімізде 2024-2025 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өтті. Кеңесте маңызды мәселелер қаралып, жыл бойы атқарылған жұмыстар сарапталды:
1. Білім сапасының қорытындысы – Оразғалиева Ж.
2. Аралық және қорытынды емтихандар туралы – Оразғалиева Ж.
3. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру – Исатаева Н.
4. Тәрбие жұмысының қорытындысы – Құттыбай Г.
5. Педагог-психолог жұмысының есебі – Ұлықпанова Ж.
6. Ағымдағы мәселелер.
Кеңес барысында ұстаздар жыл бойы атқарылған жұмыстарды бағалап, алдағы оқу жылына жоспарлар құру бағытында өзара пікір алмасты.
Жаңа жетістіктер мен табысты қадамдарға жол ашық болсын!