Skip to content

Сайын Шапағатовтың туғанына 85 жыл

Бүгін мектебімізде ел ардақтысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Маңғыстау өңірінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға Сайын Шапағатовтың туғанына 85 жыл толуына арналған тағылымдық кездесу кеші өтті.

🔹 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Сайын Шапағатовтың өмір жолын, елге сіңірген еңбегін кеңінен таныстыру, отансүйгіштік пен азаматтық белсенділікке тәрбиелеу.

✨ Кездесуге арнайы шақырылған құрметті қонақтар өз естеліктерімен, тың деректерімен және өнегелі ойларымен бөлісті:
— Б. Жайлау – зерттеуші, ақын, журналист, Ш. Есенов атындағы университеттің аға оқытушысы;
— Толқын Құсайынова – «Парасат-Ақтау» қоғамдық қорының директоры;
— К. Баймағанбетова – «С. Шапағатов» қорының директоры.

🌿 Кездесу барысында қатысушылар Сайын Шапағатовтың ел мүддесі жолындағы қайраткерлік қызметін, қарапайымдылығы мен халыққа деген шексіз сүйіспеншілігін ерекше ықыласпен еске алды.

📚 Оқушылар мен жастар қонақтардың әңгімесінен үлкен әсер алып, туған жерге қызмет етудің маңызын тағы бір сезінді.

#СайынШапағатов85жыл#ҰлтТұлғасы#ТағылымдыКездесу#РуханиМұра#ПатриотТұлға#Ақтау#ПарасатАқтау#ШапағатовҚоры#ЕсеновУниверситеті#ТәрбиеСағаты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *