Skip to content

«Тәуелсіздік пен патриотизм»

Қазан айының құндылығы – «Тәуелсіздік пен патриотизм»
5 “Г” сыныбында оқу аптасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Бұл іс-шара оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын көтерді.
📘 Сынып сағаты: «Ұстаз – ұлы тұлға»
Оқушылар ұстаз еңбегінің қадір-қасиетін түсініп, өз ұстаздарына жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.
🚦 ЖЖЕ: «Жол-көлік оқиғаларының себептері»
Сабақ барысында балалар жолда жүру мәдениетін сақтау мен қауіпсіздіктің маңыздылығын талқылады.
⚠️ Қауіпсіз сабақ: «Қауіпті сынақтар»
Оқушылар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету мен қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдарын үйренді.
Барлық іс-шаралар оқушылардың патриоттық рухын, жауапкершілігін және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. 💙💛
👩‍🏫 Сынып жетекшісі: Карагулова Жанаргүл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *