✨ 11-сынып оқушыларына арналған ақпараттық жиналыс ✨
«Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын тиімді пайдалану мақсатында түлектерге жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдылары түсіндірілді.
📌 Жиналыс барысында оқушылар:
▫️ақпараттық жүйелер арқылы жұмыс іздеу тәсілдерін;
▫️түйіндеме рәсімдеу мен жолдау әдістерін;
▫️онлайн-сұхбаттан өту ерекшеліктерін;
▫️еңбек шарттарын жасау мүмкіндіктерін үйренді.
Бұл шараға №16, №14, №23 және №20 мектептің 11-сынып оқушылары белсене қатысып, заманауи еңбек нарығында қажет болатын құзыреттерді меңгерді.
🌟 Жиналыс жас түлектерге болашақ кәсіби бағытын айқындап, еңбек жолына сенімді қадам жасауға жол ашты.
#ЭлектрондықЕңбекБиржасы #ЖасТүлектер #КәсібиБағыт #ЕңбекНарығы
