📚✨ “Отбасы – өмірдің басты символы” ✨📚
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 3 «Ғ» сынып оқушыларына арналған отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше кітап көрмесі өтті.
Көрмеде оқушыларға отбасы тақырыбындағы түрлі кітаптар таныстырылып, олардың мәні мен маңызы түсіндірілді. 👩🏫📖
Балалар өз отбасына арнап әдемі суреттер салып, ыстық тілектерін білдірді. 🎨💌
🔹 Шараның мақсаты – жас ұрпақтың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық пен мейірімділікке баулу, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
👨👩👧👦 Отбасы – әр баланың тірегі, қуанышы мен шаттығы, мейірім мен жылулықтың қайнар көзі.
🌿 Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпаққа отбасылық құндылықтарды насихаттау – бәріміздің ортақ міндетіміз.
#Отбасы #Кітапхана #Кітапкөрмесі #МектепӨмірі #Құндылықтар
