Бүгін мектебімізде ел ардақтысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Маңғыстау өңірінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға Сайын Шапағатовтың туғанына 85 жыл толуына арналған тағылымдық кездесу кеші өтті.
🔹 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Сайын Шапағатовтың өмір жолын, елге сіңірген еңбегін кеңінен таныстыру, отансүйгіштік пен азаматтық белсенділікке тәрбиелеу.
✨ Кездесуге арнайы шақырылған құрметті қонақтар өз естеліктерімен, тың деректерімен және өнегелі ойларымен бөлісті:
— Б. Жайлау – зерттеуші, ақын, журналист, Ш. Есенов атындағы университеттің аға оқытушысы;
— Толқын Құсайынова – «Парасат-Ақтау» қоғамдық қорының директоры;
— К. Баймағанбетова – «С. Шапағатов» қорының директоры.
🌿 Кездесу барысында қатысушылар Сайын Шапағатовтың ел мүддесі жолындағы қайраткерлік қызметін, қарапайымдылығы мен халыққа деген шексіз сүйіспеншілігін ерекше ықыласпен еске алды.
📚 Оқушылар мен жастар қонақтардың әңгімесінен үлкен әсер алып, туған жерге қызмет етудің маңызын тағы бір сезінді.
#СайынШапағатов85жыл #ҰлтТұлғасы #ТағылымдыКездесу #РуханиМұра #ПатриотТұлға #Ақтау #ПарасатАқтау #ШапағатовҚоры #ЕсеновУниверситеті #ТәрбиеСағаты






