🎓 11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық бойынша түсіндіру жиналысы өткізілді
Бүгін мектебімізде бітіруші 11-сынып оқушыларымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық және мамандық таңдау тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыс барысында оқушыларға ҰБТ тапсыру ережелері мен кезеңдері түсіндіріліп, мамандық таңдау бойынша пайдалы кеңестер берілді.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — оқушыларды алдағы маңызды сынаққа жан-жақты дайындау, олардың болашақ кәсіби бағытын дұрыс айқындауына қолдау көрсету.
✨ Түлектерімізге сәттілік тілейміз! Армандарыңыз орындалсын!
#ҰБТ2026 #Түлектер #МамандықТаңдау #БолашаққаБастау #БіздіңМектеп




