Skip to content

🎉 «Әкем және мен» ұлттық ойындар сайысы 🎯 17 қазан…

🎉 «Әкем және мен» ұлттық ойындар сайысы 🎯

17 қазан 2025 жылы 25 қазан – Республика күніне орай мектептің спорт залында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6-сынып ұлдары арасында «Әкем және мен» атты ұлттық ойындардан жарыс өтті. 🇰🇿

✨ Жарыстың мақсаты:
Әкелер мен ұлдар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау.

Жарысқа 5 команда қатысып, арқан тарту мен асық ату арқылы өздерінің күшін, ептілігін және дәлдігін көрсетті. 💪

🏆 Жарыс қорытындысы:
🥇 І орын – 6 «В» сыныбы
Сынып жетекшісі: Қуатбаева Сағыныш
Әкесі: Қасқырбай Нұрсұлтан
Ұлы: Қанат Әділ

🥈 ІІ орын – 6 «Г» сыныбы
Сынып жетекшісі: Уралова Манар
Әкесі: Алишбаев Жақсылық Дабылұлы
Ұлы: Дабыл Мүслім

🥉 ІІІ орын – 6 «Ғ» сыныбы
Сынып жетекшісі: Хамзин Нұрбол
Әкесі: Айтмамбетов Ыбраш Өтебаевич
Ұлы: Өтебай Айдос Ыбрашұлы

🎖 Белсене қатысқандар:
6 «Д» сыныбы — Сынып жетекшісі: Қылышова Ақмарал
Әкесі: Мамаев Болатбек
Ұлы: Мамаев Ерасыл

6 «А» сыныбы — Сынып жетекшісі: Бүркібайұлы Айдын
Әкесі: Дүйсенов Шынболат Абайұлы
Ұлы: Абай Диас Шынболатұлы

Барлық қатысушылар мектеп басшысының мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. 🏅

💫 Марапаттарыңыз құтты болсын!
Бұл жарыс тек сайыс емес, отбасылық бірліктің, әке мен ұл арасындағы достық пен сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі болды. ❤️

#РеспубликаКүні #ӘкемЖәнеМен #ҰлттықОйындар #СалауаттыӨмірСалты #БірлікПенЫнтымақ #МектепӨмірі #ҰлттықМұра

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *