«Маңғыстауым – киелі мекенім» 🇰🇿
«Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін қожа молда қолмен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері…»
№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханашылары 9-сынып оқушыларына арналған «Маңғыстауым – киелі мекенім» атты танымдық сағат өткізді.
🎯 Мақсаты:
Оқушыларға Отан, туған жеріміз — Маңғыстау туралы терең түсінік беру;
Ұлттық рухты, патриоттық сезімді қалыптастыру;
Өз Отанын, туған жерін, ұлтын жанындай сүйетін саналы да білімді азамат тәрбиелеу.
Бұл шара барысында оқушылар Маңғыстаудың тарихы, тұлғалары мен қасиетті жерлері жайлы мол мағлұмат алып, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттырды. 💙
#Маңғыстау #КиеліМекен #ПатриоттықТәрбие #МӘуезовМектебі #МектепӨмірі #ОтанСүйгіштік #ТуғанЖер #МаңғыстауТарихы
