🇰🇿 25 Қазан — Республика күніне арналған патриоттық сабақ!
Республика күніне орай ерекше білім алуды қажет ететін оқушылармен бірге патриоттық тәрбие сабағы өткізілді. 🌟
Сабақ барысында оқушылар түрлі-түсті қағаздардан Қазақстан Республикасының Туының бейнесін жасап, өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. 💙💛
Әр бала өз қолымен әсем дүние жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. ✨
Бұл шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және елге деген сүйіспеншілігін арттыруға баулу болды.
Ұйымдастырушылар:
👩🏫 Педагог-ассистент — Молдаева Ж.Қ
👩🏫 Педагог-дефектолог — Хабибуллина Ә.Т
#РеспубликаКүні #ПатриоттықСабақ #МектепӨмірі #ТәуелсізҚазақстан #ЕрекшеБалалар #ОтанСүю #МектепЖаңалығы
