📚 «Кітап – әр адамның өмірлік досы» 📚
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Кітап – әр адамның өмірлік досы» деген екен.
Шынында да, кітап — даналықтың қайнар бұлағы, парасат пен білімнің алтын қазынасы. Ал кітапхана — сол байлыққа жол көрсететін, ұлттық құндылық пен оқырманды жалғайтын рухани көпір. 🌿
✨ Кітап – жан азығы, білім – өмір азығы.
✨ Бір кітап – жаңа әлем, жаңа ой, жаңа мүмкіндік.
Осы орайда мектеп кітапханашылары 5-сынып оқушыларымен «Кітап – әр адамның өмірлік досы» атты қызықты әрі тәрбиелік маңызы зор шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, кітап оқудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Күн сайын аз да болса, кітап оқуға уақыт табайық! 💫
#КітапДосы #Кітапхана #ОқуМәдениеті #МұхтарӘуезов #БілімБастауЫ #МектепКітапханасы #ОқуғаҚұштарМектеп #РуханиҚазына
