📚 Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі 🏆
Бүгін, 28 қазан күні, мектебімізде 5–11-сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Бұл кезеңге барлығы 298 оқушы тіркеліп, олардың ішінде 242 оқушы өз білімдерін пәндер бойынша сынады.
Дарынды, білімге құштар оқушыларымыз түрлі пәндер бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.
✨ Жоғары балл жинаған оқушыларымызды қалалық кезеңге жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға алдағы сындарда сәттілік пен жеңіс тілейміз! 💫
#Олимпиада #БілімБәйгесі #ЖасЗияткерлер #МектепЖетістігі #БілімдіҰрпақ




