📘 Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің №2 отырысы
🗓 Қараша айы – Әділдік және жауапкершілік айы
Бүгін мектебімізде сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті №2 отырысы өтті.
Отырыстың тақырыбы: «Оқушыларды жақсы тәлім-тәрбие мен инабаттылыққа тәрбиелеу».
🧭 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1️⃣ Сыныптардағы қыз балалармен және ұл балалармен жұмысты жандандыру;
2️⃣ Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігін нығайту;
3️⃣ Сынып жетекшілердің іс-тәжірибесін талдау және тарату.
Отырыстың негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік, инабаттылық, әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру жолдарын талқылау, сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу болды.
Кездесу барысында ұстаздар тәрбие жұмысының өзекті бағыттары бойынша ой бөлісіп, оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын жетілдіруге арналған тиімді әдістер мен формаларды ұсынды.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. 🌿
#СыныпЖетекші #ТәрбиеЖұмысы #ӘдістемелікБірлестік #ҚарашаАйы #ЖауапкершілікАйы #ТәлімТәрбие #Инабаттылық #МектепӨмірі #ҰстазБеделі #ҰрпақТәрбиесі #МейірімЖолы
