Skip to content

Мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында “Жаман әдеттерге жол жоқ” тақырыбында тәрбиелік…

Мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында "Жаман әдеттерге жол жоқ" тақырыбында тәрбиелік бағыттағы көрініс сайысы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың зиянды әдеттердің зардаптары туралы түсініктерін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын насихаттау және дұрыс таңдау жасауға бағыттау болды.
Сайыс барысында әр сынып өздерінің дайындық деңгейін, өнерге деген қызығушылығын, актерлік шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Оқушылар темекі, алкоголь, жағымсыз орта әсері мен интернетке тәуелділік секілді кең таралған мәселердің салдарын көріністер арқылы ашық көрсетіп, жасөспірімдерге теріс әдеттердің болашаққа тигізер зияны туралы терең ой салды.
Шараға қатысқан барлық сыныптар өз шығармашылық қабілеттерін танытып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көркем түрде жеткізе білді. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың сана-сезімін қалыптастырып, өз жауапкершілігін сезінуге ықпал ететіні сөзсіз.
✨ Жоғары деңгейде ұйымдастырылған көрініс сайысына белсене қатысқан оқушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз. Салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы бірлескен жұмысымыз өз жалғасын таба бермек.
Бас жүлде – 9 «ә», 9 «д» сыныбы
I Орын – 9 «е», 9 «ғ» сыныбы
II Орын – 9 «в» сыныбы
III Орын – 9 «б» сыныбы
Ынталандыру – 9 «а» сыныбы
#ЖаманӘдеттергеЖолЖоқ#СалауаттыӨмірСалты#9Сынып #БолашақБіздіңҚолымызда#АдалАзамат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *