4 “В” сыныбының танымдық саяхаты
3 желтоқсан күні 4 “В” сыныбы мұражай мен кітапханаға қызықты саяхат жасап қайтты. Оқушылар тарихпен танысып, түрлі экспонаттарды көріп, өткенге шолу жасады. Мұражай қызметкерлері балаларға тың мәліметтер беріп, олардың білім көкжиегін кеңейтті.
Кітапханада оқушыларға жаңа кітаптар таныстырылып, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында шағын шолу өткізілді. Балалар сүйікті кітаптарын таңдап, кітап әлемінің сиқырына еніп кетті.
Саяхат оқушыларға ерекше әсер сыйлап, білімге деген ынтасын одан әрі арттырды. ✨
Сынып жетекшісі:Оңдасынова Оңайгүл