Жұмекен Нәжімеденов – 90 жыл
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен және «Менің Қазақстаным » өлеңінің шығу тарихымен таныстыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу
№20 М.Әуезов атындағы мектеп кітапханасында 7 «Ғ» сыныбының қатысуымен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған тәрбие сағаты өтті. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұматтармен танысты.
Ақынның шығармалары ұлттық рухты, елдік пен ерлікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлайды. Жұмекен поэзиясында терең ой мен сыршыл сезім астасып жатады. Оның "Менің Қазақстаным" әнінің сөзін жазуы — ақынның халық жүрегінде өшпес із қалдырғанының айғағы.
