Skip to content

✨ Шығармашылық кездесу: Қожа-Ахмет Демеубергенұлы ✨ Бүгін елімізге кеңінен танымал…

✨ Шығармашылық кездесу: Қожа-Ахмет Демеубергенұлы ✨
Бүгін елімізге кеңінен танымал тележурналист, Құрметті журналисі Қожа-Ахмет Демеубергенұлының «Қамшы – болдым халқыма» атты шығармашылық кездесуі өтті. 🖋📺
Іс-шара барысында Қожа-Ахмет Демеубергенұлы тележурналистикадағы мол тәжірибесі, азаматтық ұстанымы және шығармашылық жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Қонақтар «Тіршілік», «Қамшы», «Мен де сенің бір ұлыңмын – туған жер» қайырымдылық телеакциясы, «Маңғыстауда Пір Бекет» телешоуы, «Терезеден телмірген өмір» әлеуметтік жобасы секілді ақпарат айдынындағы еңбектері туралы тыңдау мүмкіндігіне ие болды. 🌟
«Қамшы» бағдарламасы ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтергені үшін Қожа-Ахмет ағамыз халық арасында «Қамшы» аталып кеткен. Оның әрбір жобасы – халқына деген шынайы жанашырлық пен адал еңбектің көрінісі. 💛
Бүгінгі шығармашылық кеш – Қожа-Ахмет Демеубергенұлының қоғамдық игілігі мен шығармашылық жолының лайықты бағалануы. 🙌
#ҚожаАхметДемеубергенұлы #Қамшы #Телеарна #ШығармашылықКездесу #Маңғыстау #ҚоғамдықЖоба #Журналистика #АзаматтықҰстаным

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *