« Абай ғажайып алаңда»
Мектебіміздің кітапханасында Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай «Абай ғажайып алаңда» атты тақырыпта танымдық іс – шара өтті. Іс – шараның мақсаты – ақын шығармашылығын насихаттау, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру болды.
Іс – шара басында кітапханашы Молдаханова Ж Абай шығармашылығы бойынша кіріспе сөз сөйлеп, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Оқушылар танымдық ойынның үш айналымында Абай шығармаларынан жасырылған құпия сөздерді тауып, ақтық кезеңге өтті. Ойын барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Соңында жеңімпаз болған оқушылар дипломдармен марапатталды.
