«Арнайы педагогпен бірлесе жұмыс жүргізу: мектеп пен ата-ана серіктестігі» тақырыбында ЕББҚ балалардың ата-аналарымен жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ерекше білім беруге қажеттілігі бар (ЕББҚ) балалардың оқу үдерісін барынша тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп, арнайы педагог және ата-ана арасындағы ынтымақтастықты күшейту, бірлескен қолдау шараларын жүйелеу және баланың жеке даму траекториясын жетілдіру жолдарын айқындау болды.
Кездесу барысында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағыттары, бала ерекшеліктерін ескере отырып оқу процесін даралау тәсілдері талқыланды.
Жиналысты өткізгендер:
🔹 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Сүйегенова Майра
🔹 Педагог-ассистент – Молдаева Жарқынай
🔹 Дефектолог – Хабибуллина Әлия.
