Skip to content

Білім сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында мектепте…

Білім сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында мектепте «ҚМЖ құрылымын тиімді жоспарлау: мақсаттан нәтижеге дейін» атты коучинг өткізілді.
Коучингті директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Смағұл Т.Қ жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – педагогтерге қысқа мерзімді жоспарды тиімді құрастыру жолдарын көрсету, оқу мақсаттарын дұрыс анықтау мен бағалау критерийлерін нақтылауға әдістемелік көмек беру болды.
Коучинг барысында қатысушылар:
• ҚМЖ-ның негізгі құрылымдық бөлімдерімен танысты;
• SMART қағидаларына сүйене отырып сабақ мақсатын құрастыруды үйренді;
• Бағалау критерийі мен дескриптордың өзара байланысын талдады;
• Топтық жұмыс арқылы үлгілі ҚМЖ жобасын әзірледі.

Іс-шара соңында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ҚМЖ жазуда жиі кездесетін қателер мен оларды болдырмау жолдарын талқылады.
Коучинг мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдап, сабақ жоспарлаудағы әдістемелік мәдениетін жетілдіруге зор ықпал етті. Іс-шара педагогтердің жаңартылған білім мазмұны талаптарына сай тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *