Бүгін еліміз бойынша ұйымдастырылған жалпыхалықтық диктант науқанына біздің мектептің ұстаздары да белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда сауатты жазу мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жазу нормаларын сақтау дағдысын нығайту болып табылады.
Диктантқа мектептің барлық пән мұғалімдері мен қызметкерлері қатысты. Мұғалімдер ортақ уақыт аралығында берілген мәтінді мұқият жазып, өздерінің сауаттылық деңгейін көрсетті. Бұл шара ұстаздар арасында мемлекеттік тілге деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттыруға, сонымен қатар оқушыларға үлгі болуға бағытталды.
#ЖалпыхалықтықДиктант #Сауаттылық #МемлекеттікТіл #ӘуезовМектебі #ҰстазҮлгісі
