🎓 EduTour: Қазақстанның жоғары білім әлеміне виртуалды саяхат 🇰🇿
Бүгін Ақтау қаласындағы №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына арналған «Қазақстанның жоғары оқу орындарына виртуалды саяхат» атты ерекше іс-шара өтті. 🌍✨
Оқушылар еліміздің ең беделді оқу орындарымен танысып, өз болашақ мамандығын таңдауға шабыт алды.
Астана қаласындағы Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне виртуалды саяхат жасалды. 🏙️
Ал Алматы қаласындағы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университеті туралы қызықты мәліметтер мен бейнематериалдар көрсетілді. 🎥🎓
Іс-шара соңында оқушыларға мотивация ретінде «Арманыңдағы университетке грантқа түстің!» деген мазмұндағы сертификаттар табысталды. 🏅
Болашақ мамандық таңдауға жол ашқан бұл виртуалды саяхат оқушыларға үлкен шабыт пен сенім сыйлады! 💫
#EduTour #МамандықТаңдау #КәсібиБағдар #АқтауҚаласы #№20Мектеп #АрманыңдағыУниверситет #БілімБолашағы #ҚазақстанУниверситеттері
