Skip to content

🚨 Құқық бұзушылықтың алдын алу және тәртіп сақтау бойынша жиналыс…

🚨 Құқық бұзушылықтың алдын алу және тәртіп сақтау бойынша жиналыс 👮‍♂️

«№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте» 10–11-сыныптың ер балаларымен құқық бұзушылықтың, төбелес пен тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында танымдық-тәрбиелік жиналыс өткізілді.

Жиналысқа мектеп әкімшілігі мен учаскелік полиция инспекторы қатысып, оқушыларға қоғамдық тәртіп ережелерін сақтау, кешкі уақытта себепсіз көшеде жүрмеу, төбелеске және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге қатыспау жөнінде нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар жасөспірімдерге құқықтық жауапкершілік, қауіпсіздік ережелері мен заңды бұзудың салдары туралы нақты мысалдар келтірілді.
📖 Мұндай кездесулердің мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, тәртіп пен адамгершілік құндылықтарды нығайту, қоғамға пайдалы, саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу
#ЖастарҚауіпсіздігі
#ТәртіпПенТәрбие
#ЖасөспірімЖауапкершілігі
#№20МұхтарӘуезовМектебі
#АдалАзамат
#ҚұқықтықСағат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *