ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУ ОНКҮНДІКТЕРІ
Тақырыбы: «Педагог мәртебесі – сапалы білім негізі»
Мақсаты: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе тарату, педагог-
зерттеуші,сарапшы және модератор санатындағы ұстаздардың әдістемелік
шеберлігін насихаттау.
Күтілетін нәтиже:
• Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі артады;
• Әр санаттағы педагогтің тәжірибесімен бөлісу алаңы қалыптасады;
• Зерттеу, модерация және сараптау мәдениеті дамиды;
• Педагогикалық ұжымда тәжірибе мен идеялар алмасу жүйеленеді.
• Үздік тәжірибелер жинақталып, әдістемелік қор толықтырылады.
2025 жылдың 26 қарашасы мен 9 желтоқсаны аралығында білім беру ұйымында педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен зерттеушілік мәдениетін дамытуға бағытталған «Зерттеу сабағы – кәсіби ізденіс» атты педагог-зерттеушілер онкүндігі басталды.
Онкүндік аясында педагогтар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру трендтерін енгізуге бағытталған іс-шаралар өтеді. Әрбір сабақ қорытындысы сарапшылар тарапынан талданып, үздік тәжірибелер мектептің әдістемелік қорына енгізілетін болады.
Оңкүндік соңында «Үздік зерттеу сабағы», «Инновациялық зерттеу әдісі», «Жаңашыл педагог-зерттеуші» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталады.
«Зерттеу сабағы – кәсіби ізденіс» онкүндігі педагогтардың кәсіби өсуін қолдап қана қоймай, білім беру сапасын арттыруға арналған маңызды алаң болып табылады.
