Спид – ғасыр дерті
Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 8-«Д» сыныбында «Спид- ғасыр дерті» тақырыбында кітапханашылар мен мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:Оқушыларға қатерлі дерт СПИД – тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан – жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру. СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіре отырып, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Оқушылар үшін бұл тәрбие сағатының тағылымы мол болды. Маңызды ақпараттар айтылып, дәлелді деректер келтірілді.
