🇰🇿 Тәуелсіздік – елдігіміздің тұғыры! 🇰🇿
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдермен танысып, патриоттық өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл сабақ жас ұрпақтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін нығайта түсті.
🇰🇿 Тәуелсіздік – мәңгілік елдің айқын жолы! 🇰🇿
#ТәуелсіздікКүні
#ҰлттықҚұндылық
#ПатриоттықТәрбие
#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат

