Skip to content

📚 Тобанияз Әлниязұлының 150 жылдық мерейтойына арналған танымдық сынып сағаттары…

📚 Тобанияз Әлниязұлының 150 жылдық мерейтойына арналған танымдық сынып сағаттары 🇰🇿

«№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте» ұлттың ұлағатты тұлғасы, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы Тобанияз Әлниязұлының туғанына 150 жыл толуына орай танымдық сынып сағаттары өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларды Тобанияз Әлниязұлының өмірі мен қызметімен таныстыру, оның ел дамуына қосқан үлесін насихаттау, тарихи тұлғалардың өнегелі жолын құрметтеуге тәрбиелеу.

🕯️ Танымдық сабақ барысында оқушылар тұлғаның өмір жолы мен қоғамдағы рөлі туралы бейнематериалдар тамашалап, мұғалімдердің түсіндірмесі арқылы сол кезеңнің тарихи оқиғаларымен танысты.
📖 Сонымен қатар оқушылар Тобанияз Әлниязұлының халыққа жасаған қызметі мен ағартушылық еңбектеріне шолу жасай отырып, тұлғаның ел тәуелсіздігі мен білім саласындағы орнын айқындады.

Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

#ТобаниязӘлниязұлы150жыл
#ҰлтТұлғасы
#ТарихТамыры
#ПатриоттықТәрбие
#Ағартушы
#№20МұхтарӘуезовмектебі
#ТанымдықСабақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *