Skip to content

Тұғыры биік – Тәуелсіздік №20 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім…

Тұғыры биік – Тәуелсіздік
№20 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашылары 10 «Г»-сынып оқушыларымен 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған "Тұғыры биік Тәуелсіздік" тақырыптық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихында алатын орнын, құндылығын түсіндіру. Жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезімі және Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышқа тәрбиелеу.
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Тәрбие сағаты барысында кітапханашылар мен сынып жетекшісі Нұртілеуова К желтоқсан көтерілісі туралы мағлұмат бере отырып, тәуелсіз мемлекеттің жас ұрпағының алдында нендей міндеттер тұрғандығын айтып өтті.
Шарада оқушыларға тәуелсіздік мен қазақ халқының тарихы туралы білімдерін байқау, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында викториналық сұрақ – жауап ұйымдастырылды. Оқушыларға қызықты және тәрбиесі мол шара болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *