Skip to content

«Зерттеу сабағы – кәсіби ізденіс» атты педагог-зерттеушілер онкүндігінің ашылуы Бүгін…

«Зерттеу сабағы – кәсіби ізденіс» атты педагог-зерттеушілер онкүндігінің ашылуы
Бүгін білім беру ұйымымызда педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Зерттеу сабағы – кәсіби ізденіс» атты онкүндік ресми түрде ашылды. Іс-шараның мақсаты – заманауи білім беру үрдісіне сай тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату, мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігін арттыру және оқыту сапасын инновациялық тәсілдер арқылы нығайту.
Онкүндік аясында өтетін зерттеу сабақтарының негізгі басым бағыттары:
• Функционалдық сауаттылықты дамыту – оқушылардың ақпаратты түсіну, талдау, қолдану дағдыларын жетілдіру;
• Саралау тапсырмаларын тиімді пайдалану – әр білім алушының жеке оқу қарқыны мен қабілеттеріне қарай тапсырмаларды бейімдеу;
• Жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін оқу процесіне енгізу – цифрлық құралдарды білім сапасын арттыру мақсатында қолдану;
• Жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи педагогикалық технологияларды енгізу – оқушылардың белсенді әрекетін арттыру, зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру.
«Зерттеу сабағы – кәсіби ізденіс» онкүндігі – білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің әдістемелік қоржынын байытуға, жаңа педагогикалық идеяларды тәжірибеге енгізуге бағытталған маңызды кәсіби платформа.
Бірге үйреніп, бірге дамимыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *