«Жетістігімді Тәуелсіздігіме арнаймын» салтанатты марапаттау рәсімі 🎉
Бүгін мектебімізде білім мен өнер бәсекесінде озат шыққан оқушыларымыздың жеңіс сәттері ерекше форматта атап өтілді.
Пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 5–11-сыныптардан 244 оқушы қатысып, оның ішінен үздік нәтиже көрсеткен дарындар марапат төріне көтерілді.
🏅 1, 2, 3 орын жүлдегерлері,
🤝 шығармашылық байқау,
📚 «Алтын сақа» олимпиадасы,
🔬 «Зерде» ғылыми жоба,
⚽🤾♂️⚡ спорттық жарыстар жеңімпаздары
бәрі де бүгін ортаға шығып, еңбектерінің лайықты бағасын алды.
Бұл шара —
📌 жас таланттарды қолдау,
📌 еңбекті дәріптеу,
📌 Тәуелсіздікке деген құрметті арттыру мақсатын көздеді.
Әрбір марапат — оқушы талпынысының жемісі, ұстаз еңбегінің нәтижесі, ата-ананың қолдауының көрінісі.
🇰🇿 Жас ұрпақтың жетістігі — Тәуелсіз еліміздің мерейін үстем етеді!
Барлық жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жарқырай бер, жас дарын! ✨
